"Хромтау" районный общественно-политический газет
Новости

ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТІҢ АЛҒЫШАРТЫ

АЭС құрылысының халық үшін маңызы, экологиялық және экономикалық тұрғыдағы аспектілері, ғылым бағытындағы жаңа жетістіктерінің барлығын саралай келе мен елімізде аталмыш нысанның құрылысын қолдауға дайынмын.

Себебі, атом энергетикасы еліміздің біршама бағытындағы қордаланған мәселелердің үлкен ортақ шешімі болмақ. Электр қуатының тәуелділігінен арылудан бастап, заманауи технологиялар арқылы дәстүрлі энергия көзінен кезеңімен арылу динамикасы артатын болады. Оның үстіне сала мамандарының мәліметіне сүйенетін болсақ, атом электр станциясын салу арқылы технологиялық ғылымдарды одан әрі әртараптандыру мәселесі де ортақ жүйеге негізделеді.

Күрделі инженерлік алпауыт жоба негізінде атом-ядролық стратегия тұрғысынан да өз позициямызды шегелейміз. Қазіргі таңда біз еліміздің болашақтағы энергетикалық саясатын қолдайтын кезеңде тұрмыз. Сол үшін батыл қадамнан еш жасқанбау қажет деп түсінемін.

Майра Балқыбаева, “AMANAT” партиясы Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Related posts

Атомный реактор уже есть в Алматы. Как он устроен и для чего нужен

Фабрика Донского ГОКа обновляет оборудование

ПРОБЛЕМЫ РЕШЕНЫ

Leave a Comment