"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

СЕССИЯ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына
аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов, аудандық мәслихат төрағасы Елмұрат Болатов, сондай-
ақ депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері, қала, ауылдық округ әкімдері мен бөлім
басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Соның бірі — Хромтау аудандық
мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы No116 «2024-2026 жылдарға арналған
Хромтау қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу. Бұл туралы
Хромтау қаласының әкімі С.Шабықбаев баяндады.
Сондай-ақ күн тәртібінде Абай, Ақжар, Аққұдық, Бөгетсай, Дөң, Көктау, Қопа, Құдықсай,
Қызылсу, Никельтау, Табантал, Тассай, Тасөткел ауылдарының «2024-2026 жылдарға
арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Сессия жұмысында аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы No189 «Аудан
әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар да
енгізілді. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Алмас Мұңлықов баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша депутаттар бір ауыздан шешім
қабылдады.
Ләззат ӘБДІРОВА

ПІКІР ЖАЗУ