"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ЕКІ АЙЛЫҚ СӘБИ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Хромтау ауданы әкімдігі жанынан құрылған жедел штаб құрылымдық күштермен бірге Самара-Шымкент тас жолының бойында қалған жолаушыларды құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

8 ақпандағы мәлімет бойынша, қазіргі күні Хромтау ауданы аумағынан өтетін республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолы бойынан 300-ге жуық жолаушы құтқарылды. Оның 200-ге жуығы арнайы белгіленген жылыту орталықтарына эвакуацияланса, қалғандары қауіпсіз аймаққа жеткізіліпті.

Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов құтқарушылармен бірге жолда қалған жолаушыларға жасалып жатқан жағдайды өз көзімен көріп, жағдайды тікелей бақылауға алған.

— 8 ақпанға қараған түні Ақжар және Жазық ауылдары аралығында 12 адам құтқарылды. Оның ішінде екі айлық сәби болды. Қар құрсауында қалған жолаушылар Ақжар ауылы мектебінде жасақталған эвакуациялық орталыққа жеткізілді. Сол сияқты таңғы сағат үштен бастап Хромтау қаласы бойынша қар тазалау жұмыстары басталды, — деді аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов.

ПІКІР ЖАЗУ