Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына келісімшарт бойынша қызметке қабылдау жүргізілуде.
Әскери қызметке келуші үміткерлерден талап етілетін шарттар:
— Қазақстан Республикасының азаматы болу;
— Жедел әскери қызметтен өткен болу;
— 30 жасқа дейінгі азаматтар;
— Денсаулығы әскери қызметке жарамды және сотталмаған, әкімшілік құқық бұзушылық жазасына тартылмаған болу;
— Орта, арнаулы орта және жоғары оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе диплом болуы тиіс.
Келісімшарт бойынша әскер қатарында қызмет етушілердің жеңілдіктері мен айлық жалақысы:
— Айлық жалақысы (қызмет атқару штаты мен әскери шеніне байланысты);
— Әскери киімдер тегін беріледі;
— Жылына 1 рет демалысқа жіберіліп, 2 лауазымдық жалақы төленеді;
— Әскери қызметші мен оның отбасына әскери госпитальде тегін емделу қарастырылған.
— Зейнеткерлікке шығу мерзімі – 47 жас.
Келісімшарт бойынша әскери қызметті атқару туралы сұрақтармен Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Хромтау қ. Лахно к-сі, 35, тел.: 8(71336)-21-3-48 (Хромтау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі)