"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жеңістің 79 жылдығы аясында аудандағы мекеме басшылары, ауыл әкімдері аудан басшысы Нұрхан Тілеумұратовтың атынан тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, азық-түлік қоржындарын сыйға тартты.

Жеңіс күні мерекесі аясындағы құттықтау шарасына қатысқан «Хромтау» газеті редакциясының директор-редакторы Қуандық Реймов Хромтау қаласында тұратын тыл ардагерлері Алдаберген Карин мен Зинаида Кокозенконың шаңырақтарына арнайы барып, аудан әкімінің ыстық лебізімен қатар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қоржындарын табыстады. Қарттар мерекеде айрықша құрмет көрсеткен аудан әкіміне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

– Биыл Жеңістің 79-шы көктемін қарсы алғаныма қуаныштымын. Соңғы жылдары аяғым сыр бергені болмаса, басқасы жақсы. Мемлекет тарапынан бірреттік ақшалай жәрдемақы берілді. Аудан әкімі де бізді назардан тыс қалдырмай, сый-сияпат көрсетіп жатқанына қуанып қалдық. Осындай ел қамын ойлайтын, үлкенін назардан тыс қалдырмай көңіл бөлетін азаматтар аман болсын! Ең бастысы – әлемде бейбітшілік орнаса екен, – деп 90 жастағы Зинаида Григорьевна өзінің алғысын айтып, батасын берді.

Айта кету керек, биыл сексеннен астам тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, азық-түлік қоржындары үлестірілді.

Ақбаян Қожабеков

ПІКІР ЖАЗУ