"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

Сыбайлас жемқорлық – қасірет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Сол себептен  Хромтау аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау  басқармасында   жұмысқа   жаңа  келген жас мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  арнайы   түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Басты  мақсат  маманның  ойына    жемқорлық ұрлықпен тең екенін, оның  опа бермейтінін  жеткізу, тәрбиелеу.

Басқарма басшысы әр аптаның сәрсенбісі күні азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, айына бір рет ашық есік күнін ұйымдастырады.

Басқармада  сыбайлас жемқорлыққа алып келуі мүмкін жағдайларды азайту мақсатында «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін бөлме ашылған. Бізде 21-8-70 «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Жекелеген адамдардан түсетін арыз-шағымдарға арналған жәшік қойылған.

Басқарма мамандары  тарапынан  мемлекеттік қызметкерлердің ар-ожданына нұқсан келтіретін теріс әрекеттері мен теріс қылықтарын көрсеңіздер  кез келген уақытта хабарлауыңызға болады, онымен Сіз –сыбайлас жемқорлықтың жолын кесетініңізді ұмытпаңыз

 

 

Хромтау аудандық

Санитариялық-эпидемиологиялық

Бақылау басқармасының басшысы                                     И.Аяганова

ПІКІР ЖАЗУ