«AMANAT» партиясы бизнес-қауымдастықтардың жетекшілерімен кеңес өткізіп осындай өзекті мәселелерді талқылады.
Кәсіпкерлер жұмыс барысында кедергі келтіретін бұдан өзге түйткілдерді көтерді. Мәселен қосылған құн салығының көтерілуі жаппай қымбатшылыққа алып келуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл бизнес өкілдерімен қатар халыққа да ауыр тиеді. Партиялықтар проблемаларды зерттеп, ең өзектілерін Үкімет деңгейінде көтеретіндерін айтты.
«Үйлестіру жұмыстарының мүлде жоқ екенін көріп отырмын. Атамекен бір сұрақты көтереді. Ол мәселе министрлікте де, бізде де қозғалады. Сондықтан бірлесе жұмыс істеу керек деп есептеймін. Бүгін айтылған мәселелерді көпшіліктің сұрауы деп қабылдауымыз керек. Сондықтан проблемаларды біздің партияның алаңында шешуді ұсынамын.»Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының жетекшісі