"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Еңбек адамы

МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтөбе мыс компаниясының үгітушісі Зейнелғабыл Ршекенов пен байыту фабрикасының басқару пульті операторы Лариса Белякова «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерімен наградталды. Мамандарға мемлекеттік наградаларды облыс әкімі Асхат Шахаров тапсырды.

Зейнелғабыл Ршекенов Ақтөбе мыс компаниясында 15 жылдан бері қызмет етіп жатыр. Кәсіпорында ол қатардағы жұмысшыдан үгіту бөлімі бригадиріне дейін өсті. Ал Лариса Белякованың металлургия саласында 14 жылдық еңбек өтілі бар. Соңғы 4 жылда ол байыту фабрикасында басқару пульті операторы болып қызмет етеді, мыс және мырыш концентраттарын өндіру процесін бақылайды.

Екеуі де Хромтаудың перзенті. Бірі Майтөбеден болса, екіншісі Көктауда дүниеге келген.  Олар үй іргесінде еңбектеніп, компаниямен бірге өсіп және саланы дамыту үшін тер төгіп жатқандарын ерекше мақтанышпен айтты.

Ләззат ӘБДІРОВА

ПІКІР ЖАЗУ