"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ҚоғамСпорт

БИЛЬЯРД ҮСТЕЛІНДЕ — АРДАГЕРЛЕР

Дөң тау-кен байыту комбинатының жанындағы ардагерлер кеңесі мен аудандық ардагерлер кеңесінің арасында достық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — зейнеткерлер арасында бұқаралық спортты дамыту, еңбек ардагерлерінің салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстануға тарту, өңірдің ардагерлері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту.

— Бұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрамыз. Әр кездесу бізге ерекше қуаныш пен тамаша көңіл-күй сыйлайды, — деді Дөң тау-кен байыту комбинаты ардагерлер кеңесінің төрағасы Наталья Латыпова.

Зейнеткерлер шахмат, бильярд үстелдерінде өзара сынға түсіп, дойбы ойнауда қарсылас ойыншылар тартысты ойын көрсетті. Матчтық кездесуге комбинаттың кәсіподақ ұйымы қолдау білдірді.

Сайыс нәтижесінде 1-орынды Дөң тау-кен байыту комбинатының командасы қанжығаларына байлады, ал Хромтау ауданының ардагерлер кеңесі 2-орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар табысталып, жарыс қатысушыларына жекелей марапат пен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Толғанай ЕСБОЛСЫН

ПІКІР ЖАЗУ