"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АЭС салу экологиялық тұрғыдан тиімді

Серік ОРАЗЫМБЕТОВ — Хромтау аудандық мәслихат депутаты

Қазақстанның болашағын ойлайтын әрбір азамат үшін энергия қауіпсіздігі мен тұрақты дамудың маңызы зор. Атом электр станциясын салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, алға жылжудың бірден-бір жолы деп ойлаймын. Әлемде атом энергиясы жылдам дамып, тиімді энергия көзі ретінде мойындалып отыр. Біз де осы тәжірибені зерттеп, өз елімізде іске асыруымыз қажет.

АЭС салу экологиялық тұрғыдан да тиімді. Бүгінгі таңда дәстүрлі энергия көздері қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіруде, ал атом энергиясы климаттық өзгерістермен күресуде маңызды рөл атқарады. Әрине, бұл жоба үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біз тек экологиялық қауіпсіздікке ғана емес, сонымен қатар халықтың сенімін ақтауға тырысуымыз керек. Бұл жерде ең бастысы – тұрғындар арасында ашық ақпарат таратып, қоғаммен бірлесе жұмыс істеу.

Сонымен қатар, АЭС құрылысы мен оның жұмыс істеуі елімізге жаңа технологиялар мен инновацияларды әкеледі, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы беделін арттырады деп сенемін. Бұл жоба – болашаққа салынған инвестиция және біз оны мұқият әрі жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет.

 

ПІКІР ЖАЗУ