Жігерлі жас
Хромтаулық жас волейболшылар елдің тарихи қалаларының бірі Түркістан шаһарында өткен Қазақстан біріншілігіне қатысты. Сапар Ақтөбе мыс компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Аудандық «Әлия» волейбол клубының 11-12 жастағы қыздар командасы республикалық чемпионатқа алғаш қатысты. Спортшылар алаңда Қызылорда, Астана, Түркістан, Маңғыстау секілді мықты құрамалармен кездесті. Хромтаулық волейболшылар бұл жолы жүлделі орыннан көріне алмады. Есесіне Ақтөбеден қатысқан 3 команданың бірі чемпион атанып, бұл хромтаулық қыздарды алдағы жарыстарға қанаттандырды.
Ясмина Молдахожаева-«Әлия» Хромтау командасының мүшесі. Ол волейболмен үш жылдан артық уақыт айналысады. Спортшы жарыста машықтарын пысықтап, жақсы тәжірибе алғанын жеткізді. «Чемпионатқа алғаш қатыстым, жақсы әсер алдым. Өзге командалардың ойынын көрдім. Қателіктерімді түзеу үшін осында тағы келемін деген үміттемін, »-дейді Ясмина.
Бұл чемпионатта жүлдесіз қалғандарынахромтаулық команданың бапкері де философиялық тұрғыдан қарайды. Дәурен Мулдашев мұндай деңгейдегі жарыстарға қатысудың өзі жас спортшылар үшін үлкен серпіліс екенін атап өтті. «Біз өз ортамызда жақсы нәтижелер көрсетіп жүрміз, бірақ мұнда мықты командалар, нағыз бәсекелестік бар, сондықтан чемпионатта болу – бұл жетістік. Балаларымыз мұндай сапарларда спорттық тәжірибе жинақтап қана қоймай, жан-жақты дамитүседі», — дейді «Әлия» командасының жаттықтырушысы Дәурен Мулдашев.
Қыздар Түркістан қаласына сапар барысында Қожа Ахмет Яссауидің бірегей кесенесі мен көне қаланың басқа да көрікті жерлерін тамашалады. Жас спортшылардың айтуынша, бұл ең жақсы каникулдардың бірі ретінде олардың есінде қалады.
Ақтөбе мыс компаниясы өңірдің, атап айтқанда Хромтау ауданы балаларының арманын бірінші рет орындап отырған жоқ. Өткен жылы АМК мектеп оқушылары үшін Астана қаласына шахматтан әлем чемпионатына сапарынұйымдастырды, онда балалар үздік гроссмейстерлермен ойнауға мүмкіндік алды.Балалар мен жаттықтырушылар әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен ҚР әйелдер құрамасының әлем құрамасына қарсы ойынын тамашалады. Атақты қазақ шахматшылары Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифанмен кездесіп, естелік суретке түсті. Сондай-ақ балалар елорданы аралап, ұлттық мұражай мен аквариумға барды.