"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконовтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға аудандық прокуратура мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері, білім, ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімдерінің, сондай-ақ білім беру мекемелері мен спорт кешендерінің басшылары, жаттықтушылар мен онлайн режимде ауыл мектептерінің директорлары қатысты.

Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып, талқыланды. Бұл мәселеге қатысты аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Қуаныш Мырзагелдин баяндап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

Алдағы қыс мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әртүрлі жарыстарға қатысу үшін арнайы рұқсат парағының болуы және полицияның сүймелдеуінсіз жүруге болмайтындығын қатаң ескертемін. Облыс орталығымен қатар, аудан арасындағы ауылдарға шығатын болса да арнайы автобуспен, рұқсат парағымен және полицияның сүйемелдеуімен жүру керек, — деді ол.

Жиында көтерілген мәселелер жанжақты талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады. Сондықтан әкімдік, полиция және сіздер болып осы жұмыстарды ауызбіршілікпен ұйымдастыруымыз керек. Ең бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі тұрады. Талайжағдайларды көріп жатырмыз. Жол қателіктікешірмейді. Сондықтан қауіпсіздікке аса жауапкершілікпен қарауымыз керек, — деп аудан әкімініңорынбасары Сәндібек Жаконов жиынды қорытындылады.

Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА

ПІКІР ЖАЗУ