"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Полиция өңірдегі ең қауіпті ойын-сауық орындарының рейтингін жариялады

Ақтөбе облысының полиция департаменті Instagram желісіндегі парақшасында жыл басынан бері ең көп құқық бұзушылық тіркелген ойын-сауық мекемелерінің рейтингін жариялады.

Рейтингке облыс орталығында орналасқан сегіз ең проблемалық мекеме енген. Олардың қатарында «Ауылым», «Пиала», «Дәрмен», «Ақшатау», «Тайқазан», «Моргунов» дәмханалары, сондай-ақ «X.O.» және «Старс» клубтары бар.

Полицияның айтуынша, бұл орындарда жанжал, төбелес, ұрлық пен басқа да қылмыстар көп рет орын алған.

Жарияланым резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушыларының дені мұндай мекемелердегі қауіпсіздікке қатысты пікірлерінде алаңдаушылық білдіріп, олардың қызметін бақылауды күшейтуді, соның ішінде жабуды талап етті.

Полицейлер азаматтарға аталған мекемелерге барғанда қырағылық танытып, абай болуға кеңес береді. Кез келген оқиғаны немесе адамдардың күдікті мінез-құлқын байқаған жағдайда полицияға хабарлап, жанжал жағдайларын болдырмау маңызды.

Жалпы, Ақтөбе облысының полиция департаменті өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Ведомствоның хабарлауынша, қауіпті ойын-сауық орындарының тізімі халықты ақпараттандыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың заңдылық пен тәртіпті сақтауына қатысты жағдайды жақсарту мақсатында жарияланған.

ПІКІР ЖАЗУ