"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Жолдау 2024: Ақтөбе облысында мәслихатдепутаттары мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында келер жылдан бастап еліміз 2021 жылы енгізілген әкімдерді тікелей сайлау жүйесіне түпкілікті көшетінін атап өтті.

8 желтоқсан күні Ақтөбе облысында Алға, Байғанин, Ырғыз, Темір және Шалқар аудандарының мәслихатынан шығып қалған бес депутаттың орнына сайлау өтеді. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына бес аумақтық, бес округтік және 13 учаскелік сайлау комиссиялары тартылды. 7604 сайлаушы дауыс беруге құқылы.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлығы 16 кандидат ұсынылды, бірақ олардың біреуі өз еркімен кандидатурасын алып тастаған. Қазіргі уақытта науқан кезеңі жалғасуда және ол 7 желтоқсан сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Бұдан өзге, 22 желтоқсанда Ақтөбе облысында Байғанин және Мәртөк аудандарындағы екі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоспарланған. Бұл науқанға алты үміткер (әр ауданнан үш үміткерден) қатысып жатыр. Аталмыш сайлаудың үгіт-насихат кезеңі 21 желтоқсан сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Барлық сайлау комиссиялары сайлау барысын дұрыс ұйымдастыруды және сайлаушыларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, штаттық режимде жұмыс істеуде.

ПІКІР ЖАЗУ