15 қараша – ел тарихынан ойып тұрып орын алған күн. Бұл күні Қазақстан Республикасы «Ұлттық валюта» күнін тойлайды. Айналымға енгеніне 30 жыл толған теңге – Тәуелсіздігіміздің айрықша бейнесі. 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылып 15 қарашадан бастап, ҚР аумағында теңге айналымға енгізіліп, ұлттық ақша ретінде пайдаланыла бастады.
Осыған орай, аудан әкімдігінде салтанатты шара өтті. Қаржыгерлердің басын құраған жиында аудан әкімі ізгі тілегін білдіріп, бюджет және салық заңнамаларын жетік меңгеріп, қызметін аса жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарды марапаттады. Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Анаргүл Мурзалинаға Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хатын табыстады.
Хромтауда орналасқан екінші деңгейлі банк филиалдарының қызметкерлері мен аудандық қазынашылық басқармасының зейнеткері Бибізада Байсадақова көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.