Сұрақ-жауап
❓Дәрігерлердің жүктемесі артып, керек уақытында қабылдауға жазыла алмасам, не істеу керек?
Медициналық қызметті күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. (МӘМС және (немесе) ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындалуын мониторингтеу қағадаларына сәйкес).
Егер емханада осы мерзімде дәрігерге жазылу мүмкін болмаса, қажет болса, пациентті бірлесіп жұмыс істейтін басқа клиникаға жібере алады.
Егер 15 күннен ұзақ күтетің жағдай болса және пациент басқа клиникаға жіберілмесе, ол пациентті қолдау қызметіне жұгіну керек. Онда пациенттердің шағымдарын қарастырып, мәселелерді шешумен айналысады.
Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында фильтр-кабинеттер бар. Онда инфекциялық ауруларға күдік болған жағдайда дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз баруға болады (Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық кқмекті ұйымдастыру стандартының 110-тармағына сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген).
❓Мен жұмыс істемеймін және медициналықсақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?
Мәртебе алу үшін жарналарды дербес төлеуші ретінде келесі әдістердің бірімен төлеуге болады:
Егер пациент алдағы жылы ресми жұмысқа орналасуды жоспарламаса және жеңілдікті санаттарға кірмесе, онда бірінші әдісті таңдаған жөн. Бұл бір жылға алдын ала сақтандырылуға мүмкіндік береді.
Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-да 2-3 жұмыс күні ішінде қнделетін білу маңызды, содан кейңн төлеушіге мәртебе беріледі.
? Ресми жұмыс істейтін азаматтың жеке кәсібі болса, ол үшін МӘМС жарнасын төлеу керек пе
Азамат ресми жұмысқа орналасқан, жұмыс берушіол үшін төлемдер жасайды. Одан бөлек бұлазаматтың жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар, мұндай жағдайда ол ЖК атынан МӘМС-ке жарнатөлеу керек пе?
Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалыжұмыскерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шартбойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлерМӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады(«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырутуралы» Заңның 14-бабының 2-тармағы).
Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідейболады:
1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС-кежарналар қызметкердің табысынан 2% мөлшеріндетөленеді, МӘМС-ке аударымдар жұмыс берушініңесебінен 3% мөлшерінде төленеді;
2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгіжалақының 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде жарна(2024 және 2025 жылдары 5950 теңге) төлейді.
Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкерболып табылса және салық есептілігін (ҚР Салықзаңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмағаннемесе әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкерретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды.
❓Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсіпкер де емеспін, медициналықсақтандыруды төлеуге міндеттімін бе?
Егер жукті әйел жумыс істемесе және жекекәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіреді және МӘМС-ке жарналарды мемлекет төлейді.
Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесіндесақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да ТМККК аясындақабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады.
Босанғаннан кейін әйел — үш жасқа толмағанбаланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адам ретінде басқа жеңілдікті санатқа кешетінін білген жөн, сондықтан ол тағы да мемлекет есебінен сақтандырылады.