🏗️ Хромтауда бес үйге күрделі жөндеу жүргізілуде
🔹2025 жылы тұрғындардан түскен өтініштер негізінде, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында, республикалық бюджет қаражаты есебінен Хромтау қаласындағы 5 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
✅Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүзеге асырылуда:
➖Әуезов көшесі, №3 үй;
➖Әуезов көшесі, №20 үй;
➖Абай көшесі, №4 үй;
➖Елкеев көшесі, №2 үй;
➖Ғ. Жұбанов көшесі, №1 үй.
✔️Аталған жобалар аясында кіреберіс бөлмелерді (подъезд), инженерлік желілерді (жылу, су, кәріз, электр), шатырды және қасбетті күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.