"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Президент

Білім саласында ешқандай қателікке жол беруге болмайды – Президент

— Білім сапасын жақсарта түсу қажет. Қазір ғылым мен білім, технология өте жылдам өзгеріп жатыр. Кеше алған білімің ертең өзекті болмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің білікті болуы – өте маңызды мәселе. Жоғары оқу орнында алған біліммен шектеліп қалуға болмайтыны түсінікті. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздар ұдайы ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы керек. Балалардың оқуға зейінін ашатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген абзал, — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған мемлекеттерде білім беру саласы ұлттық экономиканың тірегі, қозғаушы күші екенін айтты. Сондай елдердің тәжірибесін зерттеген жөн екеніне назар аудартты.

— Бірақ басқалардың бала оқыту үлгісін құр көшіріп әкеле салуға да болмайды. Озық тәжірибені үйреніп, оны еліміздің болмысына бейімдеу керек. Жалпы, білім беру стандарттарына, оқыту әдістемесіне, оқулыққа енгізілетін кез келген өзгерісті өте мұқият саралау қажет. Себебі, білім саласында ешқандай қателікке жол беруге болмайды. Бір ғана қателіктің салдары өте ауыр болуы мүмкін, — деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының пайымынша, мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр.

https://kaz.inform.kz/news/blm-salasinda-eshkanday-katelkke-zhol-beruge-bolmaydi-prezident-ff1e33/

ПІКІР ЖАЗУ