"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Татулық пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы

Қазақстан – көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы мемлекет. Елдің ең басты жетістіктерінің бірі – халықтың татулығы мен келісімі. Әрбір ұлт пен ұлыс өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуда.

Татулық – ел бірлігінің алтын қазығы, ал келісім – тұрақтылықтың кепілі. Осы құндылықтар арқасында Қазақстан әлемге бейбітшілікті дәріптейтін, достық пен сыйластықты жоғары қоятын ел ретінде танылды.
Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институттар жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту. Бұл ұйым Қазақстанды бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналдыруда ерекше рөл атқаруда.
Татулық пен келісім – тек қана сөз емес, ол – әрбір қазақстандықтың жүрегінде сақталған ортақ құндылық. Осы құндылықтарды сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа тұрақты әрі берекелі Қазақстанды аманат етеміз.

Калиева Жұмабике, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі

ПІКІР ЖАЗУ