Ақтөбе мыс компаниясы мен «Коппер Текнолоджи» ЖШС қызметкерлері Аққұдық және Көктау ауылдық округтерінің тұрғындарымен бірлескен экологиялық акцияға қатысты. Олар сенбілікті Аққұдық кентіне апаратын Самара-Шымкент тас жолының бойында өткізді.
Сенбілікке қатысушылар іс жүзінде қоршаған ортаға қамқорлық – бұл ұйымдасқан топтық жұмыс екенін көрсетті. Жалпы күш-жігермен 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
Бұл мұндай өзара игілікті іс-әрекеттің алғашқы тәжірибесі емес, бұған дейін тау-кен кәсіпорындарының өкілдері мен ауыл тұрғындары Ор өзенінің жағалауларын және үлкен жолдың басқа бөліктерін де тазартқан.
Көктау ауылдық округінің әкімшілігі компаниялар әрдайым абаттандыруға және тұрғындар үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысатынын атап өтті. Жақында қызметкерлер Көктау сумен жабдықтау жүйесін жаңартты, жергілікті денешынықтыру-сауықтыру кешеніне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Жазда олар жолдарды жөндеуге көмектеседі, оларды тазартып отырады, сондай-ақ қыс кездерінде және маусымдар аралығында жолдағы қарларды күреп, су өткізгіштерді бір қалыпта ұстайды, су тасқынының алдын алу үшін бөгеттерді нығайтады.