«AMANAT» партиясының аудандық филиалында фракцияның кезекті отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобаларының орындалу барысы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы талқыланды. Бұдан бөлек, «Халықпен бірге» жол картасының бірнеше тармақтарына жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өз баяндамаларын ұсынды.
Отырыс қорытындысында фракция мүшелері көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы кезеңде де жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
