"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

Экология — жалпы жауапкершілік: Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының идеялары талқыланды

Экология — жалпы жауапкершілік: Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының идеялары талқыланды

Ақтөбе қаласы, Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты облыстық іс — шарасы өтті.

Іс — шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілікті арттыру және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Іс — шараның форматы мазмұнды әрі танымдық бағытта өтеді. Бағдарлама аясында экология саласындағы спикерлер сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» идеясының маңыздылығы, экологиялық сана мен азаматтық жауапкершілік туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шараға 150 — ге жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, «Табиғаттың үндеуі» атты экологиялық тақырыптағы көрініс қойылып, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мәселелері насихатталды. Көрініс арқылы жас ұрпақтың экологияға деген көзқарасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі көрсетілді.

Аталған іс-шара экологиялық мәдениетті дамытуға, «Таза Қазақстан» идеясын кеңінен насихаттауға және қоғамда табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болмақ.

Ақтөбе қаласы, Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлы атап өтті:

«Бүгінгі іс — шара барысында спикерлердің ойлары, сондай-ақ оқушылардың сахналап көрсететін көрінісі «Таза Қазақстан» идеясының мәнін тереңірек ашуға мүмкіндік берді деп ойлаймын.

Бұл көрініс — балалардың табиғатқа деген көзқарасының, олардың болашаққа деген жанашырлық сезімінің айқын көрінісі. Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, оларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелейді.

Меніңше, «Таза Қазақстан» — әрбір мектептен, әрбір ауладан, әрбір отбасыдан басталуы керек. Егер біз балаларға бүгіннен бастап дұрыс бағыт көрсете алсақ, ертең еліміздің экологиялық жағдайы да жақсаратынына сенімдімін.»

Іс — шара спикерлерінің бірі, «ЕcoMADENIET» мүшесі, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты — Жолмуратова Гүлзат Серікқызы өз пікірімен бөлісті:

«Экология — тек ғылым саласы ғана емес, ол әр адамның өмір салтына, күнделікті әрекетіне тікелей байланысты. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі — «Таза Қазақстан» идеясын тек теориялық тұрғыда емес, нақты мысалдар мен көркем көрініс арқылы жеткізуінде деп ойлаймын. Бұл формат оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне және оны жүрекпен қабылдауына мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында білім беретін ұстаз ретінде мектеп жасындағы балаларда экологиялық мәдениетті ерте қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Себебі саналы көзқарас дәл осы кезеңде қалыптасады. Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға бейжай қарамауға үйретеді.

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы — әр азаматтың белсенді қатысуын талап ететін ортақ міндет. Бүгінгі кездесуден алған әсер балалардың болашақта экологияға жанашыр, жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенемін.»

#ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge #jastarlive #jasylel #тұрақтыдаму #экология

ПІКІР ЖАЗУ