"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Құқық

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыстың модераторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимова Комиссияға 2 000-нан астам ұсыныс келіп түскенін, олардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық өзгерістердің қоғамдық маңызын және реформаға деген жоғары қызығушылықты айқын көрсетеді.

«Мұндай диалог форматы реформаның негізгі қағидатын көрсетеді: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі», деді Эльвира Азимова.

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

Отырыс аясында үш негізгі спикердің баяндамалары тыңдалады – Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева. Олар 2025 жылдың қазан айынан бастап түскен ұсыныстар негізінде әзірленген құқықтық тәсілдер мен түзетулерді ұсынады.

Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы 2026 жылғы 24 қаңтарда өтті. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етті. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.

Айта кетейік, іс-шара consot_kzconstcouncil.kz ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды

ПІКІР ЖАЗУ