"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастықөзгермейтін құндылықтар

Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанныңмемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелерқарастырылды.

Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасыныңорынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялықкомиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.
Ол Конституцияның жобасын таныстырды жәнеаталған ережелер «Конституциялық құрылыстыңнегіздері» атты бірінші бөлімге енгізілгенін атап өтті.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасыунитарлымемлекет. Басқару нысаныпрезиденттік республика деп тұжырымдалды. Осылайша бұрын бірқатарғалымдар мен мамандардың басқару нысаныннақтылау қажеттігі туралы ұсынысы жүзеге асты», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Бұл ретте Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздіңәкімшілік-аумақтық құрылысын қатардағы заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.

Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтықтұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашанөзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылды. Бұлмызғымас талап Конституцияның алғашқынормаларында бекітілді», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге, спикер Комиссияның кешегіотырысында егемендіктің иесіхалық екенінконституциялық деңгейде бекіту туралы ұсынысжасалғанын еске салды.

«Бұл идея Конституция мәтінінде көрініс тапты. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы жәнеегемендік иесіҚазақстан халқы, деп шегеленіпжазылды», – деді Бақыт Нұрмұханов.
Оның айтуынша, Конституция мәтінінде«республикалық референдум» ұғымы«жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілдіI.Бұдан бөлек, халық билікті жалпыхалықтықреферендум және еркін сайлау арқылы тікелейжүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттікоргандарға береді, деген норма тұжырымдалды.

https://t.me/konstituciyalikreforma

ПІКІР ЖАЗУ