"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді

Жарияланған жаңа Конституция жобасының Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл идея Конституцияның бүкіл мәтінінде көрініс табады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Аяна ТОҒАНБЕК

Аяна ТОҒАНБЕК

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді

Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінің нормаларын әзірлеу кезінде адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан тарапынан ратификацияланған халықаралық пактілер мен басқа да жалпыға бірдей танылған халықаралық құжаттардың талаптары барынша ескерілді. Соның нәтижесінде адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны толықтырылып, олардың жаңа қырлары ашылды. Олардың іске асырылуы мен қорғалуына берілген кепілдіктер айтарлықтай нығайтылды.

Жаңа Конституцияда адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Мысалы, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғау, сондай-ақ «Миранда ережесі» бекітілген.

Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау жаңа Конституция Преамбуласынан көрініс тапты

Сонымен қатар, жоба сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды.

Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Мәселен, дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты бекітілген. Рухани және діни оқу білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты жарияланады,

Сонымен қатар, неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы деген ереже енгізілген. Бұл көзқарас әйелдердің құқықтарын қорғауды және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

«Неке – ер мен әйел одағы»: Конституцияда отбасы ұғымын күшейту ұсынылды

Конституция жобасы – жарты жыл бойы атақты заңгерлердің, сарапшылар қауымдастығы мен депутаттардың атқарған қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ата заңға енгізілген ұсыныстар барлық бөлімдерді және 77 бапты қамтыды, яғни мәтіннің 84%-ын құрайды.

ПІКІР ЖАЗУ