"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

“Family Quest” квест ойыны өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы және Хромтау ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен “Family Quest” квест ойыны өтті.

Шараға 11 отбасы қатысып, квест барысында қатысушылар тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, ұйымшылдықтарын және логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Әр кезең ерекше эмоция сыйлап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер қалдырды.

Нәтижесінде Қалмұратовтар отбасы үздік нәтиже көрсетіп, “Family Quest” ойынының жеңімпазы атанды! 🏆
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз. Осындай жарқын әрі әсерлі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.