Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейтуді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейтуді ұсынды.

— Біз қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Ортақ түркі тілдік және мәдени платформасының мойындалуы мен дамуы маңызды жетістіктердің біріне айналды. 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердегі ғылыми және білім беру бастамаларын қолдау маңызды. Түркі әлемінің тілдері мен мәдени мұрасын қолдау үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту ерекше маңызға ие, — деді Режеп Тайип Ердоған
Айта кетейік, саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқытуға арнайы гранттар бөлуге дайын екенін айтты.
