АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Ресей Президенттері екі ел халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдемені бекітеді.

Бұл туралы елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қазақстан Президенті екі ел қарым-қатынасында оң серпін бар екенін атап өтті.
— Біз ынтымақтастықты үнемі дамытып, оны жаңа идеялар мен жобалармен толықтырып келеміз. Осы орайда Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бүгін қабылданатын бірлескен мәлімдеменің ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл құжат біздің қарым-қатынасымыздың рухын көрсетеді және елдеріміз арасындағы берік әрі ұзақмерзімді байланыстарды одан әрі нығайтудағы ұстанымымызды бекітеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы барлық салада сенімді түрде дамып келе жатқанынайтты.
