Жүйені енгізудің нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталып, құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар 12 шетелдік колл-орталық анықталды.
Жобаның маңызды бағыттарының бірі – алаяқтардың нысанасына айналған азаматтарды жедел түрде ескерту. «Антиколл-орталықтан» алынған ақпарат негізінде прокурорлар ықтимал жәбірленушілерге дер кезінде хабарласып, қауіп-қатерлер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде 251 млн теңге сомасына 114 алаяқтық несие рәсімделуінің алдын алу мүмкін болды.
Қабылданып жатқан кешенді шаралар нақты нәтижесін беруде. Соңғы үш жылда алғаш рет интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 11%-ға төмендеді (12 390-нан 11 065 дерекке дейін).
Азаматтарды қорғау тетіктерін одан әрі күшейту мақсатында 2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің байланыс операторларының «Антиколл-орталықпен» өзара іс-қимылы туралы бұйрығы қабылданды. Қазіргі уақытта жүйеге барлық байланыс операторлары кезең-кезеңімен қосылуда, бұл алаяқтық телеком-трафикті іс жүзінде 100 пайыз қамтуға мүмкіндік береді.
«Антиколл-орталық» жобасы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың жарқын үлгісі болып табылады. Жоба киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға, азаматтардың мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы қабылданып жатқан мемлекеттік шараларға халықтың сенімін нығайтуға ықпал етеді.
