"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Хасанов аудандағы саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиынға «Әділет», «Ауыл» және «Байтақ» партияларының, сондай-ақ аудандық газет өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ол күнтізбелік жоспар аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ саяси партия өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарына кімдер қатыса алатындығы туралы және үгіт материалдарын қайда орналастыруға болатыны жөнінде заң аясында мәліметтер берді.

Л.ӘБДІРОВА