"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Білім

Ақтөбе мыс компаниясы және “КазГеоруд” ЖШС Оқушыларға сыйлықтар табыстады

Хромтау және Мұғалжар аудандарында бірінші сыныпқа барған балалар 1-қыркүйекте Ақтөбе мыс компаниясы және “КазГеоруд” ЖШС –нен сыйлықтар алды.

Кәсіпорындар жыл сайын жақын орналасқан ауыл тұрғындарына балаларды мектепке дайындауға көмектеседі. Осы жылы оқу құралдарына толы рюкзактар шалғай орналасқан Қайыңды, Қопа, Көктау мен Майтөбеде 130 балаға таратылды.

Мектеп құралдары дәстүрге сай компания қызметкерлерінің балаларына да сыйланды. Бұдан бөлек баласы биыл мектеп табалдырығын аттаған қызметкерлер және мектепте 3-тен көпбаласы оқитын қызметкерлер бір реттік жәрдемақы алды.

 

ПІКІР ЖАЗУ