Наурызнама жоспары бойынша 20 наурыз — “Ұлттық спорт күні” мерекесіне орай Көктау ауылы азаматтарының қаржылай қолдауымен 215 мың теңге жиналып “Тай бәйге” 🐎жарысы өтті. Бәйгеге 17 шабандоз қатысып, келесідей жүлделерді иеленді:
🏆🥇1-ші орынды Нұрлыбай Әділет 55 мың теңге;
🥈2-ші орынды Ұзақбай Аманат 45 мың теңге;
🥉3-ші орынды Базарбай Төлеген 30 мың теңге;
4-ші орынды Алыпбек Бекзат 20 мың теңге иеленіп, ауылдық округ әкімі Бақытбек Осмахановтың медаль-грамотасымен марапатталды. Қалған 13 шабандозға жарысқа қатысқан жігері үшін 5 мың теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар бәйгеге қатысқан ең жас 7 жасар шабандоз Қадіржан Нұрсұлтанға “Жайлау” шаруа қожалығының басшысы, ат спортының жанашыры Ізтілеуов Ермек Серікұлы жекелей демеушілік танытып, бір жабағы 🐎сыйлады. Бәйге тойға жиналған халық Досаналина Алтынай апай әзірлеген Наурыз көжеден дәм татып тарқасты