"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ДенсаулықЖаңалықтар

«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

19 қаңтарда православтық христиандар «Крещения Господне» мерекесін атап өтеді. Соңғы жылдары бұл дәстүр суға шомылу рәсімінен өтуге қатысқысы келетіндерді көбірек тартуда. Алайда қауіпсіздік ережелерін бәрі бірдей сақтай бермейді. Мұндай батыл шешім қабылдамас бұрын, шомылу кезінде қарсы көрсеткіштермен және сақтық шараларымен танысу керек.
Суға сүңгуді жоспарлағандар үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
— тек арнайы жабдықталған жерлерде суға түсу керек;
— екі-үш сағат бұрын мықтап тамақтану керек, бірақ алкогольдік ішімдік ішпеу керек;
— суға сүңгуден бұрын жаттығулар жасау, жүгіру арқылы денені жылыту;
— аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек. Шұңқырға жету үшін етік немесе жүннен жасалған шұлықты қолданған дұрыс. Шұңқырға барғанда, жол тайғақ болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн;
— ми тамырларының рефлекторлық тартылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға дейін батырған дұрыс;
— дененің жалпы гипотермиясын (дененің суып кетуі) болдырмау үшін 30 секундтан артық шұңқырда болмаңыз;
— шомылғаннан кейін (суға батырылғаннан кейін) өзіңізді және балаңызды түкті сүлгімен сүртіп, құрғақ киім киіңіз;
— иммунитетті нығайту және гипотермияның (дененің суып кетуі) алдын алу үшін алдын ала дайындалған термостан жидектер мен жемістер қосылған ыстық шай ішу керек;
— мұз астына түсіп кетпеу үшін мұздың кішкене бөлігінде адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек.
Есіңізде болсын, қысқы жүзу жіті және созылмалы (өршу сатысында) аурулары бар адамдарға қарсы көрсеткіш болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ