"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Денсаулық

Міндетті медициналық сақтандыру: Жаңа заң – жаңа мүмкіндіктер

Міндетті медициналық сақтандыру: Жаңа заңжаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру туралы заңға енгізілгенөзгерістерді мақұлдап, құжатқа қол қойды. Бұлөзгерістердің халыққа әсері қандай? Жүйеде не өзгереді? Осы және өзге де сұрақтарға«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалыныңдиректоры Нұрбол Тымпиев жауап берді.

Нұрбол Қанатұлы, жаңадан қабылданған заңтуралы қысқаша айтып өтсеңіз. Оның негізгімақсаты қандай?

Бұл заң міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру (МӘМС) жүйесін әрі қарай дамытуғабағытталған. Мақсатбарлық азаматтарға сапалымедициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасызету және жүйенің қаржылық тұрақтылығыннығайту. Құжатта денсаулық сақтау саласындағыөзекті проблемаларды шешуге арналған нақтышаралар қарастырылған.

Қандай проблемаларға ерекше назараударылды?

Біріншіден, халықтың МӘМС жүйесіне толыққамтылмауы. Екіншіден, цифрландыру деңгейініңжеткіліксіздігі мен қызметтер қайталанатын араласпакеттер мәселесі. Үшіншіден, тұрақтықаржыландыру тапшылығы да жүйенің дамуынакедергі келтіріп отыр. Осы мәселелерді шешу үшінзаң аясында бірқатар реформа қолға алынды.

Енді сол реформаларға жеке-жеке тоқталсақ. Мәселен, медициналық көмектің бірыңғайпакеті туралы айтып өтсеңіз.

Иә, бұл – аса маңызды өзгеріс. Қазіргі таңдаТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлемі) және МӘМС пакеттері қатарқолданылады. Бұл кейде қызметтердіңқайталануына, ресурстың ысырап болуына алыпкеледі. 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен осы екіпакетті біріктіру басталады. 2026 жылдан бастапазаматтар, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, кеңтаралған аурулар бойынша базалық көмекке қолжеткізе алады. Ал 2027 жылдан бастап жүйе басым түрде сақтандыру моделіне көшеді.

Жоғары табысты азаматтар үшін жарнаесептеу тәртібінде не өзгереді?

Қазіргі таңда жоғары табысы бар азаматтар өзтабысына сай емес, шектеулі мөлшерде ғана жарнатөлеп отыр. Бұл әлеуметтік әділеттілікке қайшы. Енді 2026 жылдан бастап:

жұмыс берушілер үшін – 10-нан 40 ең төменгіжалақыға дейін;

жұмыскерлер үшін – 20 ең төменгі жалақыға дейінтабыс шегі кеңейтіледі.

Бұл шара шамамен 9% жалдамалы жұмысшы мен олардың жұмыс берушісіне әсер етеді.

Мемлекет тарапынан жасалатын жарналардақандай өзгерістер бар?

Иә, 2027 жылдан бастап мемлекет МӘМС жүйесіне аударатын жарна мөлшерлемесі кезең-кезеңмен 2%-дан 7%-ға дейін ұлғаяды. Бұл – 2015 жылғы бастапқы қаржы моделіне оралу деугеболады. Мұндай қадам жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін қосымша жүктеме әкелмейді, бірақ медициналық көмекті тұрақтықаржыландыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік осал топтарды қамту мәселесіқалай шешіледі?

Бүгінде 3,3 млн адам МӘМС жүйесінеқатыспаған. Оның 1 миллионы – табысы төмен, дағдарыстық жағдайда өмір сүріп жатқаназаматтар. Олардың көбі жүйеге қатысуғамүмкіндігі жоқ. Сондықтан енді бұл санаттағыазаматтар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен төлеу ұсынылып отыр. 2026 жылы осы шаралар арқылы 1 млн-нан астам азаматты жүйегеқосу жоспарлануда.

Қосымша қандай өзгерістер бар?

Бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Мәселен:

Егер азамат бес жыл бойы тұрақты түрде жарнатөлесе, уақытша қиындықтар кезінде алты ай бойысақтандыру мәртебесін сақтай алады (бұрын бұлмерзімүш ай болған).

Қор мен медициналық ұйымдардың қаржылықашықтығы артады.

Рұқсатсыз қызмет көрсеткен ұйымдарға бақылаукүшейедібұл да халықтың сенімін арттыруғабағытталған шара.

Қорытындылай келе, жаңа заң қандаймүмкіндік береді деп ойлайсыз?

Бұл заңазаматтарға медициналық көмектіңқолжетімділігін арттырып қана қоймай, денсаулықсақтау жүйесін заманауи әрі тиімді ететін маңыздықұжат. Әлеуметтік әділеттілікке негізделген, тұрақты және ашық жүйе құрубастымақсатымыз. Сондықтан әр азамат МӘМС жүйесіне қатысудың өз пайдасын түсініп, белсенділік танытса дейміз.

ПІКІР ЖАЗУ