"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Экономика

173 жаңа зауыт және 18 мың жұмыс орны: 2025 жылғы индустрияландыру қорытындысы

173 жаңа зауыт және 18 мың жұмыс орны: 2025 жылғы индустрияландыру қорытындысы

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі ведомство жұмысының қорытындысы туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады.

Барлығы бір жылға 190 жоба жоспарланған, олардың көпшілігі пайдалануға берілді.

«Маңызды жобалардың қатарында KIA, Chery, Changan, Haval және Tank брендтерінің автомобильдерін өндіру, алюминий қаптамасын, тұрмыстық техниканы және болат құбырларды шығару бар. Бұл еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтетін нақты кәсіпорындар», — деп атап өтті вице-министр.

📱 @KZgovernment

ПІКІР ЖАЗУ