"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарЭкономика

3 қазандағы саудада доллар сәл арзандады

3 қазандағы саудада доллар сәл арзандады
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 477,25 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда болған жоқ. Мереке алдындағы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 504,04 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476,5-479,5 теңге, еуро 498-502,5 теңге, ресей рублі 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 3 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,29%-ға төмендеп, барреліне 90,45 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,12%-ға төмендеп, барреліне 88,71 доллар болды.

ПІКІР ЖАЗУ