"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Денсаулық

ЕКПЕ АЛЫП ЖҮРСІЗ БЕ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сарапшыларының бағалауы бойынша «Вакцинопрофилактика және таза су» — қоғамдық денсаулыққа әсер ететін бірден-бір шаралар. Соңғы 150 жылда ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 30 жылға артқан, оның 25-і вакцинацияның арқасында деп түсіндіріледі.
Профилактикалық егулер күнтізбесі немесе иммундау кестесі бойынша вакцинация — бұл белгілі бір ел үшін міндетті саналатын екпелердің нұсқаулықпен бекітілген жас реттілігі. Әр елде екпе егудің өзіндік бекітілген күнтізбесі және халықты оларға қарсы егетін инфекциялық аурулардың тізімі болады.
Ұлттық жоспарлы профилактикалық екпе күнтізбесімен қатар эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егу күнтізбесі де бар. Бұл егулер жеке аумақтарда немесе халықтың белгілі бір топтарына жасалады, мәселен, тұмауға, кене энцефалитіне, туляремияға, күйдіргіге, құтырмаға қарсы егулер.
Қазақстанда республикалық бюджет қаражаты есебінен 12 инфекцияға: туберкулезге, дифтерияға, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, сіреспеге, көкжөтелге, В гепатитіне, гемофильді инфекцияға және пневмококкты инфекцияға, 2024 жылдан бастап адам папиломасы вирусы қосылды.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен А гепатитіне, ауруына қарсы егу міндетті саналады.
Инфекциялық аурумен ауырған адамдарда осы инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады. Бірақ науқас адамнан жұқтырған кезде инфекциялардың көпшілігі ауыр және асқынулармен жүреді. Көбінесе ауру науқастың өлімімен аяқталуы мүмкін. Сонымен қатар, науқас адам инфекцияның көзі және таратушысы болады, медицинада мұндай адамдарды бактерия тасымалдаушылар деп атайды, ал екпе алғаннан кейін байқалмайды.
Вакцина зиянсыздығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне зертханалық, клиникалық бақылаудан өтеді. Сонымен қатар, өндіруші шығарған вакцинаның әр партиясын тексереді. Вакцина оны қолданатын елде тіркелген кезде мұқият тексеруден өткізіледі.
Ағзаға бөгде зат болғандықтан, кез-келген вакцина жергілікті және жалпы реакцияны тудыруы мүмкін. Бірақ мұндай реакциялар вакцина салынатын инфекциялардың асқынуларына қарағанда мыңдаған есе сирек кездеседі және олар аурудың салдарымен салыстыруға келмейді. Егуден кейінгі пайда болатын реакциялардың басым көпшілігі ауыр емес және тез өтеді. Бұл реакциялар медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.
Екпе егуден кейінгі реакциялар мен асқынулардың алдын алудың негізгі элементі – дәрігердің вакцинациядан бұрын баланың денсаулық жағдайын бағалауы. Вакцинация алдында дәрігер (немесе фельдшер) баланы тексереді, дене қызуын өлшейді, анасынан шағымдардың бар-жоғын, баланың вакцинацияға уақытша қарсы көрсетілімінің болуы мүмкін жағдайларды, яғни жіті ауру немесе созылмалы процестің өршуін, сондай-ақ тұрақты қарсы көрсетілімнің себебі болып табылатын процестерді жіберіп алмау үшін алдыңғы вакцинациядан қалай өткені туралы егжей-тегжейлі сұрайды. Егер ешқандай проблема болмаса, дәрігер баланың дені сау және вакциналауға рұқсат етілген деген қорытындысын ресімдейді. Баланың анасына дәрігер баланың қандай инфекцияға қарсы егілгенін, вакцинацияға қандай реакциялар болуы мүмкін екенін және бұл ретте анасы не істеу керектігін түсіндіруге міндетті.
Вакцинация алған бала иммунитетті дамыту кезеңінде белсенді медициналық бақылауға алынады.
Соңғы жылдары әлемнің түрлі елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында вакцинацияның қауіпсіздігіне күмән келтіретін жарияланымдар саны артты. Мұндай жалған айыптаулар адамдарда негізсіз қорқыныш тудырып, бірқатар елдерде халықты вакцинациямен қамтудың төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта инфекциялық аурулардың таралуымен күресудің жалғыз жолы вакцинация екені бәріне белгілі.
Вакцинация көмегімен көптеген инфекциялық сырқаттардан болатын аурулар мен өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады, ал кейбіреулері толығымен жойылады (табиғи шешек, полиомиелит толығымен жойылған).
Қазақстанда жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат инфекциялық аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда оқшаулауға және жоюға бағытталған.
Халықты вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.
Балаларымыздың саулығы — бұл инфекциялар қаупінің болмауы, оған тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізудің арқасында қол жеткізілді.

И.А.АЯҒАНОВА,
Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

ПІКІР ЖАЗУ