Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Мемлекеттік қызметші — елдің айнасы» тақырыбындағы жазбамды жалғастыруды шештім.
Бұл жолғы жазбам мінезі мен ақылын ұштастыра білген, өз кәсібін жақсы көретін Марал Ермағамбетова жөнінде болмақ. Әріптесім 13 жылдан астам еңбек жолында бірнеше салада қызмет етіп, өзін жан-жақты дамытып жүрген маман. Еңбек жолын 2011 жылы Хромтау ауданы әкімі аппаратының бағдарламашысы болып бастаған ол кейін, Хромтау ауданы мемлекеттік мұрағатының маманы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы қызметтерін бірнеше жыл атқарып, қазіргі таңда осы бөлімнің бас маманы қызметінде еңбек етіп жүр.
Марал Бауыржанқызының атқарған жұмыстарына қарап-ақ оның іскерлігі мен білімділігін, жасаған жұмысының сапасына мән беретін сауаттылығын атап өтуге болады. Аудан әкімінің жеке қабылдауларын ұйымдастыратын ол – әр түрлі мәселелермен келген барлық тұрғынды жылы қабылдап, заңды кеңестерін беріп отырады. Сонымен бірге әкімге келетін арыз-шағымдар, өтініштерді де керекті жерлеріне жолдап, орындалуын бақылайтын — осы Марал Бауыржанқызы.
Кәсіби мереке қарсаңында әріптесіме қызметіне табыс, мансаптық өсу, отбасылық бақыт тілегім келеді.
Нұрлан Шүйіншалин
Хромтау ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
1 пікір
Іске сәт!