"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

15 наурыз Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде exit poll өткізді.

Screenshot

Сауалнама барысында 400-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды.

Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты. Сауалнама 200 дауыс беру учаскесін қамтыды.

Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келді.

 

Қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс берді. 

Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде сауалнаманы арнайы exit poll жүргізу технологиясын меңгерген интервьюерлер жүргізді.