💠 Ақпан айы облыс аймағында ауа райының күрт өзгеруімен басталды. Ақтүтек боран тұрғындармен қатар жолаушыларды да біршама әбігерге салды. Осы орайда Хромтау ауданы әкімдігі жанынан аудан және қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды. Жедел штабты аудан әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконов басқарады.
🔹 Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолының Хромтау ауданындағы бөлігінде 300-ден астам жүк көлігі қар құрсауында қалған. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде өзбекстандық 54 азамат Хромтау қаласындағы №2 мектеп ғимаратына орналастырылған.
Алдыңғы