"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ӨТЕУІ

Ақтөбе мыс компаниясы кәсіпорнының қызметкерлері Болат Күнжарықов, Петр Шокотько және Қонысбай Аяғанов адал еңбектері үшін Хромтау ауданы әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Болат Күнжарықов АМК-да механик болып 20 жыл, электргазбен дәнекерлеуші Қонысбай Аяғанов 17 жыл қызмет етіп келеді. Олар өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары мамандар. Петр Шокотько да тәжірибесі мол қызметкер. Компанияда 15 жылдан бері автокран машинисі болып жұмыс істейді. Әке жолын қуған ұлы бар. 70 тонналық жүк көліктерін оңай басқарып жүрген Иван әкесін үлгі тұтатынын айтады. «Колледжді бітіргеннен кейінгі алғашқы көлігім ЗИЛ автокөлігі негізіндегі автокран болды. Әкем тәжірибелі жүргізуші ретінде техникамен жұмыс істеудің барлық қыр-сырын үйретіп, түсіндіріп, жұмысымызда дәл есептеу мен ақылдың маңызды екенін үйретті. Мен үшін ол кәсібилік пен еңбекқорлықтың үлгісі», – дейді Иван Шокотько.

Тау-кен кәсіпорнының қызметкерлерін еңбек мерекесінде өзге де кәсіп өкілдерімен бірге аудан басшылығы марапаттады. Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов күнделікті еңбектерімен болашақ ұрпақтың іргетасын қалап, өңірдің дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Ләззат ӘБДІРОВА

ПІКІР ЖАЗУ