"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

«Агрофирма ТАУ» ЖШС ұжымына республикалық референдумның маңызы түсіндірілді.

  • Іс-шара барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы мен жаңа Ата Заңның саяси салмағы жан-жақты талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық бастамалар мен қоғамдық-саяси үдерістер туралы кеңінен ақпарат беру, сондай-ақ ашық форматта пікір алмасу алаңын қалыптастыру болды.
    Жиын барысында алдағы республикалық референдумның тарихи мәні ерекше атап өтілді. Спикерлер жаңа Ата Заң жобасының ел дамуының стратегиялық бағытын айқындаудағы рөліне тоқталып, оның саяси жүйені жаңғыртудағы ықпалы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, заңнамалық реформалардың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа негіз қалайтыны да кеңінен баяндалды.
    Кездесу барысында ел дамуының басым бағыттары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және өңірлердегі өндіріс орындарының маңызы сөз болды. Әсіресе, еңбек адамының қоғамдағы рөліне айрықша назар аударылды.
    Өндіріс орындарындағы тұрақтылықты сақтау, еңбек ұжымдарының бірлігін нығайту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру – экономикалық өсімнің негізгі факторларының бірі екені атап өтілді. Бұл ретте кәсіпорындар тек өндірістік көрсеткіштермен шектелмей, әлеуметтік бастамаларға да белсенді қатысуы тиіс екені айтылды. #референдум2026
    #ЖаңаКонституцияҮшін
    #ЗАновуюКонституцию
    #АтаЗаң
    #15наурыз
    #АтаЗаңдыҚолда