"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?

Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Шыңғыс МҰҚАЕВ

Шыңғыс МҰҚАЕВ

Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?

Фото: khabar.kz

«Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін», делінген құжатта.

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

Сонымен қатар құжатта Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін екені жазылған.

 

«Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін», делінген Ата заңда.

Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды

ПІКІР ЖАЗУ