"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» қызметін арнайы талқылаймыз – Президент

Биыл ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» мәселесі қаралады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

– «Самұрық-Қазынаның» алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – қорды реформалау. Бұл жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатыр деп айту өте қиын. Әрине, кейбір нәтижелер бар. Дегенмен, жұмыс әлі де көп. Қордың қызметін ақпанда арнайы талқылаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент ақпан айындағы талқылау кезінде қордағы реформалар қаралатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты.

KAZINFORM

ПІКІР ЖАЗУ