Ақтөбе қаласындағы Aqtobe Hub технопаркінде Google компаниясының қатысуымен «Act to Be Tech» IT-форумы өтті.
Форум 2025 жылғы 26–27 қыркүйек күндері ұйымдастырылып, оған Google мамандары арнайы шақырылды. Олар жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды қолдануға қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.
Бірінші күні қатысушыларға AI технологияларын бизнесте тиімді енгізу, әлеуметтік стартаптарды (білім беру, медицина, экология) дамыту, жарнаманы автоматтандыру және кадрлық мәселелерді шешу жөнінде практикалық ұсыныстар берілді.
Екінші күні Google сарапшылары генеративті жасанды интеллект, бұлттық платформалар және төлем жүйелерінің қауіпсіздігі бойынша кең көлемді семинарлар өткізді. Қатысушылар заманауи технологиялардың бизнесті трансформациялаудағы рөлімен танысып, өзекті білім мен тәжірибе жинақтады.
«Act to Be Tech» форумы Ақтөбе өңірінде цифрлық трансформация мен инновациялық дамуды ілгерілететін маңызды алаңдардың біріне айналды.