"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарКәсіп

Ақтөбе облысы: 2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін олжалы болды.

 

Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласында 361,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Осылайша нақты көлем индексі 100,5%-ды құрап отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше Президент тапсырмасын орындау аясында 2024 жылы саланы қолдауға жергілікті бюджеттен 15,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың өсімі сақталды. Оның ішінде ірі қара 20,5%-ға, ұсақ мал 10,8%-ға, жылқы 27,8%-ға және түйе 19,3%-ға артты. Өндірілген ет өнімі – 115 мың тоннаны, сүт өнімі – 176,5 мың тоннаны құрады» — дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айсұлтан Кеңбейілов.

Басқарманың мәліметінше айтарлықтай өсім өсімдік шаруашылығында да байқалған. 2024 706,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, орташа өнімділікпен 560 мың тонна өнім алынды. Сала мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғана 30 пайызға артық.

ПІКІР ЖАЗУ