"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ӘРІПТЕСТІҢ АТЫ ОЗДЫ

№4 Хромтау орта мектебінің 2 «ж» класс жетекшісі Ильмира Морозова «Ең үздік класс жетекші – 2024» облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

Ақтөбе білім басқармасының хатына сәйкес, Хромтау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ең үздік класс жетекші – 2024» байқауы өткізілді. Жалпы білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілерінің шығармашылық ой-өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, сыныптық ұжымның ата-аналарымен белсенділік жұмыстарын шыңдау, жалпы сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткен байқаудың негізгі міндеті – перспективалы инновациялық білім беру бастамаларын қолдау болатын.

«Ең үздік класс жетекші – 2024» байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған №4 Хромтау орта мектебінің 2 «ж» класс жетекшісі И.Морозова облыстық сында топ жарып, жүлделі 3- орынға ие болды.

Ильмира Төлебайқызы – қабілеті шебер, бала жанын түсінетін мейрімді, жаңашыл, іздемпаз, жан-жақты білімді, бойындағы бар қасиетті бала жүрегіне дарыта білетін ұлағатты ұстаз. Мектеп ұжымының атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

А.Өтешова, №4 ХОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ПІКІР ЖАЗУ