"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Балалар қуанышы

Хромтау ауданының кішкентай тұрғындары Ақтөбе мыс компаниясы атынан жаңа жылға сыйлықтар алды.

Дәстүрге сай Көктау, Көктөбе, Аққұдық және Қопа ауылдық округтерінің балабақша бүлдіршіндері мен мүмкіндігі шектеулі балаларына тәтті толы қораптар тарту етілді. Одан бөлек, компанияда қызметкерлеріміздің 3 мыңға жуық балалары сыйлықтар алды.
Ақтөбе мыс компаниясы әлеуметтік мәселелер бойынша маманы Анна Пикалованың сөзінше, кәсіпорын жақын орналасқан ауыл балаларына асқан қуанышпен қолдау көрсетеді. «Жыл сайын біз мектеп табалдырығын аттайтын балақайларға оқу құралдарымен рюкзактар әзірлейміз, сондай-ақ, АМК мектеп, балабақшаларға спортқа, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар алуға қаржы бөледі. Ерекше қуанышымыз — Жаңа жыл алдында мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларымыз әрдайым ғажайыптар ортасында өмір сүрсін!»

ПІКІР ЖАЗУ