"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

Актөбе мыс компаниясы Көктау ауылындағыбалабақшаға интерактивті жабдық табыстады.

АМК қызметкерлері Көктау ауылындағы «Жұлдыз» мемлекеттік балабақшасына барды. Бүлдіршіндермен  тілдесіп, балабақшабасшылығымен кездесті. Кездесу барысындаинтерактивті жабдық жиынтығы табысталды. Сыйға берілген жиынтық ішінде интерактивтіпанель, штатив, моноблок және түрлі-түсті принтер бар.

АМК өндірістік оқыту орталығының нұсқаушысыРүстем Ізмағамбетовтің айтуынша, білім беру саласын қолдаукомпаниямыздың басымбағыттарының бірі.  «Біз бұл сыйлықты қуанаұсынып отырмыз. Балалардың ХХІ ғасыр талабынасай тиімді білім алуы өте маңызды», – деді ол.

«Жұлдыз» балабақшасында шамамен 30 бала тәрбиеленуде. Жаңа жабдық балалардың танымдыққабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Балабақша меңгерушісі Зәмзәгүл Нұғманова АМК компаниясына алғыс білдірді:
«Жабдық өте функционалды. Оны тіл дамытуда, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуда, дидактикалық ойындарда қолдануға болады», – депатап өтті ол.

Бұлкомпанияның алғашқы жобасы емес. Бұғандейін де АМК қолдауымен Көктау ауылындағы«Нұрлы көш» орта мектебіне интерактивті жабдықорнатылған болатын.

ПІКІР ЖАЗУ