Жансара Успанова, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы:
— «Жұртымыз үшін ең үлкен марапат — елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Еліміздегі тұрақтылықты нығайту үшін Ассамблея мүшелері табанды еңбек етіп келеді», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның кеңейтілген отырысында. Мемлекет басшысының ел болашағына алаңдаған осы бір сөзі маған ананың жүрегінен шыққандай әсер қалдырды. Елдегі татулық пен бірлік — отбасының, соның ішінде аналар мен әжелердің де басты тілегі.
Біз, әжелер, ұрпақты тәрбиеге баулуда ұлттық салт-дәстүрге сүйенеміз. Бейбітшілік пен келісім — ұлтты біріктіретін құндылық. Осы жолда біз өз үлесімізді қоса береміз.